Биржада доллар бағасы қымбаттады

154

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,34 теңге.

Биржада доллар бағасы қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,15 теңгеге қымбаттады.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 519 теңге. Еуро 591 – 600 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 522 теңге, сатып алу құны – 516 теңге. Еуро 589 теңгеден сатып алынып, 596 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,16 - 6,33 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 23 сәуірге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 518,07 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,37 теңге. Еуро – 595,21.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу