Биржада доллар қымбаттай бастады

Сауда-саттықтың ашылуынан бері ұлттық валюта 5 теңгеге арзандады. 

Биржада доллар қымбаттай бастады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттай бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сауда-саттықтық ашыла сала төл валютамыз 5 теңгеге әлсіреді.

Алғашқы мәмілелер бір доллар үшін 464,35 теңгемен жасалды.

Қазіргі уақытта баррелі үшін 86,7 долларға дейін төмендеген мұнай бағасы теңге бағамына ықпал етуде.

Дегенмен биржадағы бағам күн соңына дейін өзгеруі мүмкін.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу