Биржада доллар нығайып, 540 теңгеге жетті

109

Ұлттық Банктің 15 қазанға арналған ресми бағамы –  538,63 теңге.  

Биржада доллар нығайып, 540 теңгеге жетті Фото: liter.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 539,56 теңгені құрап, 0,63 теңгеге өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 539,24 теңге, сату бағамы – 541,22 теңге. Астанада доллар орташа есеппен 537,72 теңгеден сатып алынып, 543,72 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 13 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,16 теңгеге төмендесе, 14 қазанда 0,92 теңгеге өскен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу