Биржада доллар шамамен 4 теңгеге арзандады

447

Қазақстан қор биржасындағы 28 наурыздағы сауданың нәтижесінде доллар бағамы 455 теңге болды. 

Биржада доллар шамамен 4 теңгеге арзандады Фото: inbusiness.kz

Сейсенбі күні Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы дүйсенбімен салыстырғанда 0,9%-ға (3,87 теңгеге) нығайып, 1 доллар үшін 455 теңгені құрады, деп хабарлайды  inbusiness.kz KASE-ге сілтеме жасап.

Бір күн ішінде доллар бағамы 3,63 теңгеге арзандаса, бір айда 6,17 теңгеге өсті.

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 453 теңгеден сатып алынып, 457 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу