Биржада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді

588

Қазақстан қор биржасындағы сауданың нәтижесінде 26 тамызда доллар бағамы 468,1 теңге болды, деп жазды inbusiness.kz.

Биржада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді

Бір күн ішінде доллар 4,76 теңгеге, бір айда 10,76 теңгеге арзандады.

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 467-468 теңгеден сатып алынып, 473-474 теңгеден сатылуда.  Ақша айырбастау орындарында еуроны сату бағамы 476-478 теңгеге дейін төмендеді.

 Айта кететіні, ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 100,6 долларды құрайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу