Биржада теңге нығайды

Алғашқы операциялар бір доллар үшін 463 теңгеден жүргізілді. 

Биржада теңге нығайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) алғашқы операциялар бір доллар үшін 463 теңгеден жүргізілді. 

Ұлттық валюта жұма күні 0,6%-ға (2,99 теңгеге) нығайып, 1 доллар үшін 465,14 теңгені құраған еді. 

Осылайша 4-6 қарашада ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 465,14/$1 болды.

Ал қазір еліміздің ақша айырбастау орындарында доллар 464-467 теңге аралығында саудалануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу