Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың ашылу сәтінен бастап доллармен ең төменгі мәмілелер 421,3 теңгеге жасалды, деп жазды inbusiness.kz.
Айта кететіні сауда бір АҚШ валютасы үшін 428 теңге көрсеткішімен басталған.
Қазіргі уақытта соңғы мәмілелер 424,5 теңгеден жасалуда.
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, 10:55-те елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 426 теңгеден сатылып, 432 теңгеден сатып алынуда, Алматыда бұл көрсеткіш 427 - 433 теңге.
Еске сала кетсек, 19 мамыр рубль АҚШ долларына қатысты нығайды. Бұл теңгеге ықпал етті. Ресей валютасын қолдайтын қосымша факторлардың бірі олардан газ сатып алушылардың көпшілігінің "рубльмен төлеуге" көшуі болып табылады.
Құралай Құдайберген