Бұл қараша айының басынан бері ең төмен көрсеткіш. Ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 475-477, 5 теңгеден сатылуда.
6 желтоқсанға Ұлттық банк бекіткен көрсеткіш 1 доллар 469,26 теңге.
Айырбас бағамына қандай факторлар ықпал етуде?
5 желтоқсан Brent маркалы мұнайдың бағасы күрт құлдырап, қазір барреліне 83 долларды құрап, жыл басынан бері ең төменгі деңгейге жақындады. "Қара алтынға" қазір өте көп факторлар әсер етуде: G7 елдерінің ресейлік мұнайға енгізген шекті баға, ОПЕК+ елдері, әлемдегі ықтимал экономикалық баяулау және Қытайдағы коронавирустық шектеулер. Сондықтан мұның бәрі теңгеге де ықпал етуде.