Биржада ұлттық валюта нығайды

1469

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 515 - 519 теңгеден сатылуда.  

Биржада ұлттық валюта нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 10 наурызда сағат 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 508,7 теңгеге төмендеді, деп жазды inbusiness.kz.

Kurs.kz хабарлауынша, сағат 11:00-де Алматыдағы ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 515 - 519 теңгеден сатылып жатыр.  Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында да доллардың орташа бағамы 515 – 519,5 теңгеден саудалануда.

Айта кететіні, 9 наурыз биржада сауда 15:00-де басталды. Күннің қорытындысы бойынша бір доллар 510 теңгеге тұрақтады. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу