Биржадағы көрсеткіштер құлдырауда

511

Бұған ДДҰ-ның мәлімдемесі түрткі болып отыр. 

Биржадағы көрсеткіштер құлдырауда

Уолл-стриттегі жағдай мүшкіл. Коронавирус эпидемиясы әлемдік экономиканы іркілтеді деген қауіптен кейін көрсеткіштер төмендеп жатыр. Осы аптаның басында нарық соңғы екі жылдағы ең төменгі деңгейге дейін жеткен. 

Инвесторлар АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігін ең төменгі деңгейге түсіріп отыр. S&P 500 3%-ға қысқарды. Халықаралық қаржы транзакциялары және саяхатпен айналысатын компаниялар (Mastercard пен United Airlines ) Қытайдан шыққан вирустың салдарына байланысты өз күдіктерін білдіруде. American Airlines акциялары екі күн ішінде 16%-ға қысқарған. 

Қазір инвесторларды ДДҰ мен CDC жасаған болжамдар алаңдатып отыр. Бұлар жаңа коронавирус АҚШ территориясында таралады дегенді айтуда. Осы мәлімдемеден кейін Dow Jones индексі 25 ақпанда 900 пунктке азайған. 

Еуропалық қор нарығына да осы фактор әсер етті: индекстер төмендей бастады. Мысалы: Париж қор нарығы на 1,94%-ға, Франкфурттыкі 1,88%-ға, Лондондыкі 1,94%-ға, Миландыкі 1,44%-ға, Мадридтыкі 2,45%-ға, Брюссельдікі 2,28%-ға қысқарды. 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу