Құжат тауар биржасы қызметінің талабы мен ашықтығын арттыруды, биржалық сауданы дамыту үшін бәсекелес ортаға жағдай жасауды, сондай-ақ биржалық сауда көлемін ұлғайтуды көздейді.
Заң жобасы мақұлданғанға дейін депутаттар құжатқа биржалық тауар ұғымын нақтылау сонымен қатар отандық тауар өндіруші болып саналатын дилерлердің биржалық сауда-саттыққа кедергісіз қатысуына жағдай жасау туралы түзету енгізді. Бұған қоса тауар биржаларының қызметіне қойылатын талапты күшейту, биржалық сауданың бірыңғай қағидасын енгізу, биржалық сауда саласындағы нарықтық қатынастар мен бәсекелестік қағидатын бұзатын нормаларды алып тастау туралы түзетулерге бастамашы болды.
Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", "Ақпараттандыру туралы" заңдарға жаңа нормалар енгізілді.
Қанат Махамбет