Биржалық тауар саудасы 291,2 млрд теңгені құрады

871

Мәжілістің жалпы отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ел аумағында лицензиясы бар 19 тауар биржасы жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биржалық тауар саудасы 291,2 млрд теңгені құрады

Оның сөзінше, биржалық мәмілелердің саны соңғы 11 жылда ерекше өсім көрсеткен. 

"Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биржалық мәмілелердің саны 2009 жылғы 1 119-дан 2020 жылғы 48 мыңға дейін, яғни 50 есеге жуық өсті", – деді Бақыт Сұлтанов биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында. 

Ол "Астана", "БКО", "Каспий" сынды 3 жетекші тауар биржасын ерекше атап өтіп, биржалық тауар бойынша сауда-саттық көлемі 2020 жылы 291,2 млрд теңгені, яғни барлық сауда-саттық көлемінің 30%-ын құрағанын айтты. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу