Біржан Нұрымбетов: 42 500 теңге төлеу үшін БЖҚ төлету ешқандай тұзақ емес

1583

Министр бірыңғай жиынтық төлем туралы алыпқашпа әңгімелерге нүкте қойды.

Біржан Нұрымбетов: 42 500 теңге төлеу үшін БЖҚ төлету ешқандай тұзақ емес Фото: egemen.kz

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылған адамдарға 42 500 теңге төлеу үшін бірыңғай жиынтық төлемнің бір айлық мөлшерін төлеу ешқандай тұзақ емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осы мәселе туралы толыққанды ақпарат берді.

"Бірыңғай жинақтық әлеуметтік төлемнің өзіне қатысты мынаны айтамыз. Кейбір азаматтар You Tube-те, басқа да жерлерде халыққа түсіндірме жасап жатыр. "Мемлекет сіздерді алдап жатыр" дейді. "Бейресми жұмыс істеп жүргендерге оны бір рет төлесеңіз болды деген өтірік" дейді. "Оны сіздер заң бойынша ай сайын төлеу керексіздер. Кейін сол сайынғы төленбеген соманы қарыз қылып мойныңызға іліп қояды" деп жатыр. Оның бәрі жалған ақпарат. Ондайға сенбеңіздер. Бұл ерекше тәртіп, ерекше заң, төтенше жағдайға қатысты заң. Сондықтан егер сіз бейресми жұмыс істеп жүрген болсаңыз, тіршілік жасап жүріп, содан қазір айырылып қалдым деп ойласаңыз, өтініш беру үшін бірыңғай жиынтық төлесеңіз болды", – деді Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу