Мұндай бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған ведомство дайындаған бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жобада зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігін кеңейтуді баса назарға алынған.
Оларды мынадай мақсаттарға пайдалану ұсынылады:
- ипотекалық тұрғын үй несиесінің негізгі қарызын өтеу;
- ай сайынғы төлем мөлшерін азайту;
- несиенің мерзімін қысқарту.
Құжатта жазылғандай, бұл өзгеріс Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты болып отыр. Осыған сәйкес, Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан алынатын зейнетақы төлемі түріндегі табыстан жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
Аталған жаңашылдықтың мақсаты – біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды ыңғайлы ету әрі азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша құралдар ұсыну.