Біржолғы зейнетақы төлемі: 212 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды

855

"Қазақстанның халық банкі" іске кірісті.

Біржолғы зейнетақы төлемі: 212 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды

Біржолғы зейнетақы төлемін алғысы келетін салымшылардан 5 күнде 52 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл туралы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтты.

"25-30 қаңтар аралығында БЖЗҚ-ға 52 мыңнан астам өтінім келді. Олардың 38 389-ы немесе өтінімдердің 70 пайызы өңдеуге алынып, жалпы сомасы 212 млрд теңге көлемі мақұлданды. Орта есеппен әр төлемге 5,5 млн теңгеден келеді. 28 қаңтардан бастап "Қазақстанның Халық банкі" уәкілетті операторынан өтінімдер келе бастады. 28-30 қаңтар арасындағы үш күнде БЖЗҚ 132 мың өтінімді жіберді. Оның ішінде 118 мың өтіні өңдеуге алынды. Бұл 89 пайыз деген сөз. Ал ортақ сомасы 510 млн теңге. Төлемдердің орташа сомасы 4,3 млн теңге", - деді ол. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу