Біржолғы зейнетақы төлемі: 45 күн ішінде құжат жинап үлгермегендер не істейді?

1737

Бір салымшы бірнеше мәрте өтінім бере алады.

Біржолғы зейнетақы төлемі: 45 күн ішінде құжат жинап үлгермегендер не істейді?

Зейнетақы шотындағы артық қаражатын алуға қажетті құжаттарды 45 күнде жинап үлгермегендерге екінші мүмкіндік беріледі. Бұл мәселе бойынша азаматтарға шектеу қойылмайды. "Отбасы банктің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова осылай деп отыр.

"Иә, ережеде біржолғы зейнетақы төлемін пайдаланғысы келетін адамға құжаттарын толық өткізу үшін 45 жұмыс күні беріледі. Мысалы, ислам банкі өтінішін мақұлдады дейік немесе "Отбасы банкі" мақұлдауы мүмкін. Бірақ үй сатушы айнып қалып жатады. Адам болған соң ондай болады. Мұндай жағдайда өтінім 45 күннен кейін күшін жояды. Біз ақшаны БЖЗҚ-дағы шотыңызға аударамыз. Қайтадан алу үшін қосымша өтінім беру керек. Мынадай да тұрмыстық жағдайлар болады. Сіз өз шотыңыздағы ақшаның бір бөлігін өз ипотекаңызды жабуға, қалғанын бауырыңызға бергіңіз келді дейік. Өкінішке қарай, біздің БЖЗҚ-мен арадағы қазіргі келісім бойынша бірінші өз ипотекаңызды жауып тастауыңыз керек. Бұл өз алдына бөлек операция ретінде жүреді. Ал қалған ақшаңызды бауырыңызға аудару үшін екінші рет қайтадан өтінім бересіз. Яғни, бір өтінім негізінде бірнеше операция жасалынбайды. Әр операцияның өз реті болады", - деді маман.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу