Біржолғы зейнетақы төлемін 4 банк беретін болды

1417

"Отбасы банктің" сапына тағы 3 банк қосылды.

Біржолғы зейнетақы төлемін 4 банк беретін болды

Біржолғы зейнетақы төлемі бойынша қаржылық операцияларды іске асыратын операторлардың тізімі белгілі болды. Бұл тізімде "Отбасы банктен" басқа  "Қазақстан Халық банкі", "Altyn Bank" және  "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамдары бар.  

Аталған банктердің бәрінде зейнетақы шотындағы шектен артылған қаражатты үй жағдайын жақсартып, емделуге жұмсауға болады. Ол үшін осы 4 банктің бірін таңдап, интернет-ресурсында электрондық өтініш толтыру керек. 

Өз өтінішінде салымшы біржолғы зейнетақы төлемін не үшін пайдаланатынын, сол мақсатқа жұмсағысы келетін ақшаның қолжетімді сомасын көрсетеді. Егер өтініште көрсетілген сома мен жұмсау мақсаты талапқа сай боп тұрса, банк әуелі салымшының атына арнайы шот ашады. Осыдан кейін БЖЗҚ-дан салымшының зейнетақы шотындағы сұралған қолжетімді соманы өзіндегі арнайы шотқа аудару операциясын іске асырады. Оператор арнайы шотқа аударылған ақшаның өтініште көрсетілген мақсатқа ғана жұмсалуын да бақылайды. 

"БЖЗҚ мен салымшы таңдаған банк арасындағы өзара іс-қимыл электрондық ақпарат алмасу арқылы және өзара іс-қимыл туралы тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Қазір БЖЗҚ "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ және  "Банк ЦентрКредит" АҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасады", - деп жазылған ресми мәліметте. 

Яғни, операторлар тізімі болашақта толыға түсуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу