Шетелден баспана алушылар біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана алмайды. Ережеге осындай тәртіп енгізіліпті. "Отбасы банктің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова БАҚ өкілдеріне жауап бере отырып, осылай деп мәлімдеді.
"Негізі бұл банктердің кредит саясатына байланысты. "Отбасы банкте" жылжымайтын мүлікті тек Қазақстан аумағында сатып алуға рұқсат етілген. Айтқандай, бақылауды күшейту үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану туралы ережеде осыған байланысты арнайы пункт бар. Сол пункте жылжымайтын мүлік тек Қазақстан аумағында ғана сатып алынуы керек екенін көрсетілген. Осындай нақтылау енгізілген. Ал біздің порталға кіру бойынша шектеу қойылатын болды. Қазақстан аумағынан тыс тіркелген ІР-мекенжайлар порталға кіре алмайды. Бұл ақпараттық қауіпсіздік мақсатында жасалып отыр. Бірінші кезекте қазір Қазақстан аумағында тіркелген ІЗ-мекенжайларға ғана қызмет көрсетіледі", –деді банк басшысы.
Есжан Ботақара