Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану мерзімі өзгертілді

2499

Енді ол 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін болады. 

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану мерзімі өзгертілді

2021 жылдың 16 желтоқсанында қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы банк депозиттеріне аудара алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зейнетақы қаражатын қамтитын Отбасы банк депозиттерін келесі мақсаттарға пайдалануға болады:
- тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінен заем алу (оның ішінде бір банктік несие шарты бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу);
- Отбасы банкінде заемды қайта қаржыландыру;
- жеке тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық сияқты нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда);

Отбасы банкіндегі депозиттерді толықтыру мүмкіндігінен бөлек, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері БЗТ көмегімен бөлек жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады.

"Тағы бір өзгеріс БЗТ пайдалану мақсаттарын растау мерзіміне қатысты. Ол 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін өзгертілді. Егер қазіргі уақытта www.enpf-otbasy.kz платформасын пайдаланушылар басқа мақсат таңдаған болса, онда оны жаңа мақсатқа оңай өзгертуге болады", – деп хабарлады оператор.

Еске сала кетейік, 16,17,18,19 желтоқсан платформа қолданушылардың өтініштерін қабылдайтын болады. Алайда бұл өтініштер БЖЗҚ тек 2021 жылдың 20 желтоқсанында жөнелтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу