Біржолғы зейнетақы төлемін ресімдейтін сайттың аты белгілі болды

1700

Портал ертең таңғы сағат 9.00-ден бастап өтініш қабылдайды. 

Біржолғы зейнетақы төлемін ресімдейтін сайттың аты белгілі болды

"Отбасы банктің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова біржолғы зейнетақы төлемін алушыларға қызмет көрсететін сайттың атауын жариялады. www.enpf–otbasy.kz деген атау алған жаңа сайт ертең, яғни, 23 қаңтар күні сағат 9.00-ден бастап іске қосылады.

"Бүгін бірінші рет шығар, мен сайттың атауын айтайын. Бұл –  "enpf–otbasy.kz" сайты. Бұл біздің БЖЗҚ-мен бірге атқарған жұымысымыз болғандықтан, 2020 жыл бойы бірлесіп жасаған ауқымды жұмыстарды ескере отырып, атауында екі органның атын кіргізу керек деп шештік. Қазір www.enpf–otbasy.kz мекенжайы бойынша кірсеңіз, "Сервис 23 қаңтар күні сағат 9.00-де жұмыс істеп бастайды" деген жазу шығады. Жалпы сервис түгел дайын. Бірақ ереже кеше ғана шыққандықтан және редакциялық сипаттағы өзгертулер болғандықтан, біз бүкіл өтініш үлгілерін қайта тексеріп бастадық. Өйткені барлық өтініш үлгілері порталда тұрады. Тіпті шектеулердің өзі порталға кіріктірілген. Мысалы сіз, өтініш берсеңіз өзіңізге керекті түрді таңдайсыз да, ЭЦҚ арқылы қол ғана қоясыз. Сондықтан, бүгін бізде сайтты қайта бір пысықтау жүріп жатыр. Ертең, сенбі күні елге ыңғайлы болу үшін сағат 9.00-де сайт жұмысын бастайды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу