Біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығы қалай алынады?

1363

Салымшы салықты екі тәсілмен төлей алады.

Біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығы қалай алынады?

Біржолғы зейнетақы төлемінен алынатын жеке табыс салығын бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов орталық коммуникациялар қызметінде осындай мәлімет айтты.

"Салық кодексі бойынша жеке табыс салығын төлеудің екі жолы қарастырылған. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін алған кезде бірден төлеуге болады. Онда БЖЗҚ төлемнің 10 пайызын жеке табыс салығы ретінде ұстап қалады. Екінші тәсілі бойынша, салымшы жеке табыс салығын зейнетке шыққанан кейін бөліп-бөліп төлей алады. Бұл жағдайда бөліп төлеу мерзімі 16 жылдан аспауы керек. Салымшы уәкілетті операторға өтініш берген кезде осы екі жолдың бірін көрсетуі керек. Осы өтініш негізінде БЖЗҚ-ға тиісті ақпарат беріледі", - деді ол.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу