Бишібаевтың телефонын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары да аша алмаған

338

Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың телефонының құпия кодын судьяға беруге қарсы екенін жеткізді.

Бишібаевтың телефонын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары да аша алмаған Фото: Жоғарғы сот

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Cотта судья Айжан Көлбаева Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қызметкеткерлері айыпталушы Бишімбаевтың телефонын аша алмағанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 – Ұялы телефон заттай дәлел ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР ҰҚК бесінші қызметінің 12-ші департаменті телефонға зерттеу жүргізді. Телефонда 6 таңбалы код пароль орнатылған әрі код-парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады деген қорытынды берілді, - деді судья Айжан Көлбаева.

Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың телефонының құпия кодын судьяға беруге қарсы екенін жеткізді.

Бұдан бұрын сотталушы телефонының кодын тек қорғаушыларына ғана айтамын деп судьяға қарсы шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу