Астанада Салтанат Нүкенованы өлтіру оқиғасы орын алған Гастро орталығының директоры қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"BAU мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталығының директорына қатысты 2 айға бұлтартпау шарасымен қамауға алынды", делінген хабарламада.
Директор қылмысты жасырды деген күдікке ілінгені (ҚР ҚК 432-бабы) көрсетілген.
"Тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", деп қорытындылады департамент.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        