Бишімбаев Байжанов жайында: "Мені түрмеге отырғызып, мүлкімді бөліп алмақшы"

285

Экс-министрдің бүгінгі сотында Нүкенованың қаза болған күні киген киімі көрсетілді.

Бишімбаев Байжанов жайында: "Мені түрмеге отырғызып, мүлкімді бөліп алмақшы" Фото: zhogargy_sot

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Жанна Уразбахова алқабилерге шалбарының тар екенін, оның аяқ киімі арқылы оңай шешіп алу мүмкін еместігін жеткізді. Сондай-ақ ақ көйлегінің түймелері жоғарыдан емес, төменнен жұлынғанын көрсетті. Осылайша Бишімбаевтың бұған дейін айтқандарын жоққа шығаруға тырысты.

Ал күдікті Байжанов ашуға булығып, бұрынғы басшысын "кісі өлтіруші" деп айыптады. Сондай-ақ Нүкенова ісі бойынша изоляторға Бишімбаевтың тапсырмасымен қоғам белсендісі Бауыржан Мусин келгенін және оның қасында 7 жылға сотталған экс-вице-министр Тимур Тоқтабаев болғанын жеткізді. Олар оқиғаның кей жайттарын жасыруға үгіттеген деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу