Бишімбаев бейнебақылау камерасындағы жазбаларды неліктен өшіруді сұрағанын айтты

808

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасуда. 

Бишімбаев бейнебақылау камерасындағы жазбаларды неліктен өшіруді сұрағанын айтты Фото: видео скриншот

Қазіргі уақытта айыптаушы тарап Салтанат Нүкенованың өлімінен аз уақыт бұрын түсірілген БАУ мейрамханасындағы бақылау камераларының жазбаларын көрсетуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кісі өлтіргенімді жасыру үшін емес. Ол кезде Салтанат тірі еді. Мен оны Telegram арналарына жарияланып кете ме деп қорықым. Себебі оны кез келген күзетші жариялай алады. Көшеде төбелесіп, оны ұрып-соққан сәттерім де бар. Қаласаңыз, мұның бәрін Telegram-арнасына сата аласыз. Біз кез келген ақпаратты сатуға болатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан мен камералардан барлығын өшіріп тастауды сұрадым", - деді ол.

Сондай-ақ дәл қазір алқабилерге "Бау" мейрамханасынан түсірілген видеодеректер көрсетілуде. 

Кадрларда күйеуімен оңаша сөйлескеннен кейін қыздың бетінде көгерген және сыдырылғанын көрсетеді.

Кадрлардан Бишімбаев пен Нүкенованың көшеде сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Олар гастроцентрге бірнеше рет кіріп, шығады. Видеода ешқандай дыбыс жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу