Бишімбаев ісі бойынша Байжановтан бір айып алынып тасталды

272

Сотта жарыссөз басталды. 

Бишімбаев ісі бойынша Байжановтан бір айып алынып тасталды Фото: jogargy_sot

Әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта жарыссөз басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот отырысында жарыссөз басталды. Қазір прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, дәлелдер негізінде Салтанаттың қалай қысымға түскенін айтып жатыр.

“Салтанат – Күн сәулесі секілді жарқын қыз еді. Бишімбаев оны экономикалық, психологиялық тұрғыдан өзіне тәуелді етті. Тіпті өлгеннен кейін өзін ақтау үшін марқұмды қаралап, бар кінәні оған жауып жатыр”, – деді Аймағанова.

Судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" деген айыпты алып тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу