Бишімбаев ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды

1197

Бишімбаев ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды

Бүгін Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты негізі сот талқылауы басталды. Онда негізгі айыпталушы мен қатар 22 күдікті де бар. Процесс ашық есік жағдайында өтіп жатыр.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 10 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бұрынғы Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұлттық бюроның мәліметіне сәйкес, ол бірқатар адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталды. Бишімбаев Қызылорда қаласында әйнек шығаратын және өңдейтін зауыт салу барысында "Orda Glass" ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы "Шымкентхиммонтаж" арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Ал, 12 қаңтар күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевты оны "қамауға алу" туралы санкция берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу