"Өзі жыныңды келтірген шығар": Бишімбаевқа алғаш тергеу жүргізген полицейлер жазаланды

5453

Қоғамда полицейдің бұл сөздері қоғамда қызу талқылап, жазалануын алға тартқан болатын.

"Өзі жыныңды келтірген шығар": Бишімбаевқа алғаш тергеу жүргізген полицейлер жазаланды Фото: Жоғарғы сот

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қызметтік тергеудің аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Естеріңізге сала кетсек, 9 қараша 2023 жылы Салтанат Нүкенова өлтірілген түні Бишімбаевты ұстаған сәтте полиция қызметкерлерінің бірі "Өзі жыныңды келтірген шығар" деген пікірді айтқан болатын. 

Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-2 бабының талаптарын бұзғаны үшін Астана қаласы "Есіл" ауданы Полиция департаментінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу