Бишімбаев ісі: Гастро орталық "Бау" мейрамханасымен келісімшартты бұзды

543

Орталықта жаңа басшы тағайындалып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бишімбаев ісі: Гастро орталық "Бау" мейрамханасымен келісімшартты бұзды Фото: inbusiness.kz

Гастро орталық басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтып, БАУ-мен жалға алу келісімін бұзу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орталыққа жаңа директор тағайындалып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Қарашаның 8-інен 9-ына қараған түні Гастроцентрдегі "БАУ" мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген.

Осы оқиғаға байланысты Gastrocenter құрылтайшылары ресми мәлімдеме жасап, марқұмның отбасына көңіл айтып, қатаң шаралар қабылдауға уәде берді.

"БАУ" мейрамханасының аумағында болған қайғылы оқиғаға қатты өкінеміз және Салтанат Нүкенованың отбасына көңіл айтамыз", делінген ресми хабарламада.

Гастроцентр басшылығы бұл оқиғаға наразылық танытып, зорлық-зомбылықты ақтауға болмайтынын баса айтты. Тергеу әрекеттерін белсенді түрде жеңілдету үшін нақты қадамдар жасалды.

Сондай-ақ:

  • Бірлескен құрылтайшылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен БАУ мейрамханасының иелерімен жалға беру шарты бұзылды.
  • Гастроцентрге жаңа директор тағайындалды.
  • Күзет қызметін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізіліп, "Гастроцентрді" қорғау бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу