Бишімбаев ісі: Ксения Собчакқа ерекше жағдай жасалған ба?

424

Елордада Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. 

Бишімбаев ісі: Ксения Собчакқа ерекше жағдай жасалған ба? Фото: Jogargy_sot

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұрынғы шенеунк Қуандық Бишімбаевтың сотына ресейлік журналист, тележүргізуші Ксения Собчактың келуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер ведомство басшысынан Ресей журналисінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімі болды ма деп сұрады. 

"Әрине, жоқ. Өзім де бұқаралық ақпарат құралдарынан көрдім. Сот процесін көрмеймін. Бұл туралы сіздердің материалыңыздан оқимын" - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін  экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына ресейлік журналист Ксения Собчак ұшып келгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу