Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды

2446

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды Фото: instagram.com

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Марқұм Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалған.

"Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты айтар болсақ, Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасау туралы қылмыстық іс аясында материал келіп түскені рас. Оның қалай қайтыс болғанына қатысты мән-жайды айта алмаймыз. Қылмыстық іс аясында 12 түрлі сараптама тағайындалды. Оның онының қорытындысы шығарылып, құзырлы органдарға жіберілді. Біреуі осы аптада аяқталады. Ал 12-ші сараптама күні кеше ғана келіп түсті.

Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес, отыз күнтізбелік күнде сараптама өткізілуі тиіс. Сараптама қорытындылары Ішкі істер министрлігіне жолданады", - деді Талғат Уәли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу