Судья Айжан Құлбаева әлі күнге дейін күзетшілер қорғауында жүр

3620

Бұған дейін судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Судья Айжан Құлбаева әлі күнге дейін күзетшілер қорғауында жүр Фото: mgorod.kz

Бүгін сот өкілі Алма Есімова судьяға қатысты істің әлі қаралып жатқанын айтып, сол себепті сот төрағасы күзетшілір қарамағында екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Біздің ақпаратымыз бойынша судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қандай да бір шешім қабылданды ма, жоқ па, бізде әлі деректер жоқ, судья әлі күнге дейін күзетшілер қорғауында. Судья Құлбаеваның қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы шешімді тергеуші қабылдады. Қауіпсіздік шараларын тоқтату туралы да шешімді тергеуші қабылдайды", — деді Алма Есімова БАҚ өкілдерімен байланыс жасаушы судья.

Астана қаласының Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске саламыз. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу