Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне тағы үш бап қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында "Қылмысты жасыру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оның аясында "Гастро-орталықтың" директоры қамауға алынды.
Астана Полиция департаментінің хабарлауынша, сонымен қатар "Қылмыс туралы хабарламаған" және "Қауіп-қатерге қалдырып кеткен" деген баптар бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Ішкі істер министрлігінің басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу