Бишімбаевтың ісін қараған прокурор жаңа қызметке келді

4062

 Бұл ақпаратты Астана прокуратурасы растады. 

Бишімбаевтың ісін қараған прокурор жаңа қызметке келді Фото: Аскар Ахметуллин

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады.

"Подполковник шенін алыпсыз. Құттықтаймын!", "Подполковник шені құтты болсын", "Шеніңіз құтты болсын,жоғарылай беріңіз!", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі - Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу