Бишімбаев ісінде тергеушілер неге бірнеше рет ауысты. ІІМ түсініктеме берді

595

Вице-министр қылмыстық істі бір адам тергемейтінін айтты.

Бишімбаев ісінде тергеушілер неге бірнеше рет ауысты. ІІМ түсініктеме берді Фото: inbusiness.kz

ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысының кулуарында бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өзге ақпараттар жариялауға жатпайды. Бірінші күні оқиға орнына кезекші тергеу тобы жіберіледі. Ертеңінде тергеу басқа маманға тапсырылуы мүмкін. Сондықтан осындай мәлімет тарап жатқан шығар. Тағы да айтамын бірінші күні оқиға орнына арнайы топ шығады. Одан кейін іс арнайы бір адамға тапсырылады. Оның жанында тағы тергеушілер болады. Аталған қылмыстық істі жалғыз бір адам тергемейді, топ болып тергеуі мүмкін", деді ол.

Сондай-ақ, ол сот медициналық сараптамасы шамамен бір ай жүргізілетінін айтты.

"Өздеріңіз естіп жатырсыздар, бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Соның нәтижесінде кім қандай жауапқа тартылатыны анықталады", деді Қожаев.

Алайда Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қанша тергеуші ауысқанын айтпады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу