Әйелін азаптап өтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың телефонындағы видеоларда марқұм Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот отырысындағы жарыссөзде зардап шеккен тараптың адвокаты Дамир Ишмаметов алқабилер мен судьяға Бишімбаевтың телефонындағы видеоларға назар аударуын сұрады.
"Барлық видеода ол Нүкенованың некеде тұрған ер адаммен жыныстық қатынаста болғанын мойындауға мәжбүрлеген. 8-9 қарашадағы қылмысты дәлелдейтін бірқатар дәлелдер келтірілді. Бишімбаев 20 минуттан астам уақытта 175 рет "Сен Баталовпен жыныстық қарым-қатынасқа түстің бе, мойында” деген. Осы сөзді 175 рет бір сарында сұрай береді", – деді адвокат.