Бишімбаев Нүкеноваға порнографиялық видео көрсетіп, қысым жасаған

618

Бүгін Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Бишімбаев Нүкеноваға порнографиялық видео көрсетіп, қысым жасаған Фото: видео скриншот

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға порнографиялық видеоларды көрсетіп, видеодағы сен емес пе деп сұрап, қысым көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ Салтанаттың өзін кетіп қалса қорқыту үшін порнографиялық видеоға түсіріп алған.

Айта кетейік, Сот залына Бишімбаевтың анасы мен оның қорғаушылары кірді. Сондай-ақ марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы мен басқа да туыстары келді. Оқиға орнында Нүкеновтердің мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Уразбахова да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу