"Бишімбаев өмір бойына сотталуы мүмкін бе, еді?": Прокурор Айжан Аймағанованың жауабы

436

Қуандық Бишімбаев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтемек.

"Бишімбаев өмір бойына сотталуы мүмкін бе, еді?": Прокурор Айжан Аймағанованың жауабы Фото: Жоғарғы сот

Бүгін Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша үкім оқылып, Бишімбаев 24 жылға түрмеге қамалды. Оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесу мүмкіндігі болды ма? Бұл сұраққа прокурор Айжан Аймағанова жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, 24 жыл - тағайындалған айыптарға сәйкес ең жоғарғы жаза.  Прокурорлар "Адам өлтіру" бабы бойынша 20 жыл, "Азаптау" бабы бойынша 7 жыл тағайындауды сұраған.

"24 жыл деген ең жоғарғы жаза. Соңғы 5 жылдағы тәжірибеге сәйкес, алқабилердің қатысуымен өткен сотта аталған санаттағы істер бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы мүлде қолданылмаған", - дейді Айжан Аймағанова. 

Қуандық Бишімбаев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтемек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу