Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі бойынша бірінші сатыдағы сот үкіміне апелляциялық шағымдар елордалық қалалық сотқа келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz.
Сот қызметтік кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, 27 мамырда үш апелляциялық шағым келіп түскен.
Бұған дейін ашық форматта жүргізілген сот ісі қазір белгісіз себептермен сайтта жабық күйде, сондықтан құжаттардың мазмұнымен толығырақ танысу мүмкін емес.
Қатарынан үш шағымды қай тарап түсіргеніне қатысты Астаналық сотқа ресми сұрау жіберілді. Әзірге Бақытжан Байжановтың қорғаушысы апелляциялық шағым түсіргендерін растады, ал Қуандық Бишімбаев тарапы әлі ондай өтініш білдірмегендерін айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу