Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот та тікелей эфирде өтетін болды

343

Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот та тікелей эфирде өтетін болды Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

ҚР Жоғарғы соты  Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"ҚР Жоғарғы соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті", - делінген хабарламада.

Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. 

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу