"Ресми тіркелген жерімнен – айына 1 миллион теңге алдым. Ал мейрамхананың кірісіне байланысты табысым 8-ден 15 миллион теңгеге дейін болды", - деп жауап берді Бишімбаев.
Бишімбаев "БАУ" мейрамханасын басқаратынын және оған иелік ететінін түсіндірді. Ал Гастроцентр акцияларының бірі Бишімбаевтың анасына тиесілі.
Қылмыс Бишімбаевтың мейрамханасында болды деп айтуға бола ма деген сұраққа сотталушы: "Иә, барлық жерде осылай жазып жатыр", - деп жауап берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу