Бишімбаев соты туралы кино түсіріліп жатыр

8528

Баян Мақсатқызы осыған дейін "Бақыт" фильмін түсірген болатын.

Бишімбаев соты туралы кино түсіріліп жатыр	Фото: inbusiness.kz

Фильмнің аты – "Жалғыздық" деп аталады. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы азаматтық некедегі әйелін қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс экономика министрінің соты негізінде жаңа фильм түсірмекші, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі

Баян Мақсатқызының сөзінше, фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін.

"Фильмнің аты – “Жалғыздық” деп аталады. Бірақ атын өзгертетін шығармыз. Түсірілімдегі атауын осылай деп қойдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" фильмін түсіргенімді білесіздер. Содан Асқар Ұзабаев екеуміз осындай трилогия, яғни, осы тақырыпта үш фильм түсіреміз деп шештік. Оған қайта оралу қаншалықты қиын екенін білеміз. Бірақ әйелін ұрып өлтірген экс-министр Бишімбаевтың әрекеті, оған қатысты сот процесі қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл тақырып әлі күнге дейін елімізде өзекті екенін көрсетті. Бір дүние шығармас бұрын, 10 рет ойлану керек. Ал бұл фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін. Көрермен жинайтын жақсы туынды болмақ. Біздің көрермен түрлі фильмдерді көруге дағдылануы керек", – дейді жоба авторы.

Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қозғалғаннан кейін қазақстандықтардың көзайымына айналған прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу