Бишімбаевқа тамақ арқылы тергеу изоляторына есірткі тасымалданғаны рас па. Аталған жағдайға байланысты Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Press.kz-ке cілтеме жасап.
Белгісіз әйел сотталушыға марихуана қосылған голубцы тағамын берген. Артынша бұл тағам экс-министр Қуандық Бишімбаевқа беріліпті деген ақпарат тарады.
Алайда Ішкі істер министрлігі бұл істің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
“№64 мекемеде голубцы тағамының арасына салып, тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ”, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Айта кетейік, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 26 маусымда апелляциялық сот Бишімбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды.