Бишімбаевқа үкім шығарған судья ерекше қырымен көзге түсті

Ол шахмат турнирінде қарсылас шақ келтірмеген. 

Бишімбаевқа үкім шығарған судья ерекше қырымен көзге түсті Фото: astana.sud.kz

Бишімбаев ісінде танымал болған, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айжан Кұлбаева спорттық сайыста да мықтылығын көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Демалыс күндері ҚР Судьялар одағының филиалы волейбол, теннис, шахмат және дойбы бойынша жарыстар ұйымдастырған болатын.

– I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айжан Кұлбаева; II орын иегері – Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрайымы Лейла Зинашева, – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, Айжан Кұлбаеваның есімі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қарау кезінде кеңінен танымал болды. Ол экс-шенеуніктің жұбайын өлтіру ісі бойынша судья болып тағайындалып, оған айыптау үкімін шығарды. 

2024 жылдың тамызында Айжан Кұлбаева отандық БАҚ-қа эксклюзивті сұхбат беріп, "Бишімбаев ісі" өмірін қалай өзгерткені туралы айтып берген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу