Бишімбаевтың адвокаттары қылмыстық істі "Абайсызда өлтіріп алу" бабына ауыстыруды сұрады

1934

Тағы бір қорғаушы Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қасақана өлтірмегенін, оны тыныштандырамын деп бір-екі рет шапалақпен ұрғанын айтады.  

Бишімбаевтың адвокаттары қылмыстық істі "Абайсызда өлтіріп алу" бабына ауыстыруды сұрады Фото: inbusiness.kz

Сондай-ақ, қорғашылары Бишімбаев Нүкенованың басынан аяғын теппегенін айтады.  Медициналық қорытындыға сәйкес, қыздың өлімі мидың жабық жарақатынан болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Айыптау түрін өзгерту туралы өтініш. Қорғаушы тарап сотталушының кісі өлтіргісі келмегенін хабарламайды. Расымен мейрамханада жанжал болды...Бишімбаевтың барлық әрекеттері Салтанат Нүкенованы тыныштандыруға бағытталған", - деді адвокат Балашов.

Сараптама аясында қорғаушының айтуынша, сарапшының қорытындысы шығарылды. Үш-төрт апта бұрын мидың субдуральды гематомасы болғаны анықталды. Сондай-ақ 12 сағаттық созылмалы екінші субдуральды гематома болды. Ал сотталушы бұл гематомалар ақыр аяғы өлімге әкелетінін білмеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу