Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары Салтанат Нүкенованың BAU мейрамханасында соққыға жығылған видеоны көрсетті.
Бишімбаевтың адвокаты Бишімбаев Салтанатты ұрып жібергеннен кейін Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылғанын айтады.
Экс-министрдің қорғаушылары басқа медициналық сарапшылардан жауап алу туралы өтініш береді.
Алайда судья Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу