Бишімбаевтың адвокаты сотта Абайдың үшінші қарасөзінен үзінді оқыды

957

Сөз соңында Рамазанова алқабилерді сотта қаралған және Бишімбаевтың азаптауда кінәсіз екенін дәлелдейтін барлық мән-жайды ескеруге шақырды. 

Бишімбаевтың адвокаты сотта Абайдың үшінші қарасөзінен үзінді оқыды Фото: zhogargy_sot

Жауапкердің қорғаушысы Лейла Рамазанова Абай үшінші қарасөзінен мысал келтірді.

"Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік "шапты, талады" деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание – тергеу шығарады. Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Ол адам басын құтқармақ үшін жамандарға жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені. Ол болыс болғандар өзі  қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп", – деді адвокат Лейла Рамазанова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу