Бишімбаевтың адвокатының қойған сұрағы алқабилердің күлкісін келтірді

596

Ал қорғаушы Назкен Құсайынова ашуланып сотқа ескерту жасауын сұрады. 

Бишімбаевтың адвокатының қойған сұрағы алқабилердің күлкісін келтірді Фото: видео скриншот

Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова сотта сот сарапшысы Тахир Халимназаровтан жауап алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол сарапшыдан қандай әдістерді қолданғанын және неге мұндай қорытындыға келгенін сұрады.

Сарапшы "Сұрағыңызды түсінбедім" деп жауап берді.

Сот залында алқабилер күлді. Ал Назкен Құсайынова ашуланып: "Зардап шеккен тарапқа ескерту жасауыңызды сұраймын, бұл қандай күлкі?", - деді. 

Сот Айжан Құлбаева: Негізінде алқабилердің күлгенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу