Бишімбаевтың апелляциялық шағымы қанша уақыт қаралады?

243

Апелляция бір ай ішінде қаралады. 

Бишімбаевтың апелляциялық шағымы қанша уақыт қаралады? Фото: Jogargy_sot

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжілістің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдері Жоғары сот өкілінен "алқабилер алқасының үкімінен кейін апелляциялық шағым беруге бола ма?" деп сұрады.

"Иә, әрине. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге тараптар шағымдана алады. Ол үшін апелляциялық саты бар. Олар (сотталғандар - ред) келіспесе, әрине, шағымдануға құқылы", - деді сот алқасының төрағасы.

Рахметуллинаның айтуынша, апелляция бір ай ішінде қаралады.

"Апелляциялық органдар қарауға үлгермей жатқан жағдайларда ұзаруы мүмкін. Мысалы, адвокаттар белгілі бір күндері қатыса алады және т.б. Заң бойынша сотталғандардың апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуы сот тергеуі қайтадан жүргізілген кезде міндетті саналады. Яғни, кейбір қосымша дәлелдемелерді зерттегенде ғана, басқа жағдайларда сотталушының қатысуы қажет екенін немесе қажет емес екенін апелляциялық орган өзі шешеді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу