Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрдің сот отырысындағы сөзін жоққа шығарды

12049

Ол Instagram парақшасында Нүкеновамен хат алмасуын жариялап, екеуінің қарым-қатынасы жақсы болғанын көрсетті. 

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрдің сот отырысындағы сөзін жоққа шығарды Фото: Ulysmedia.kz

1 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның қарым-қатынасы дұрыс болмағанын айтқан еді. Алайда Назым экс-министрдің бұл сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл алғашқы және соңғы рет хат арқылы сөйлескен кезіміз болатын", – дейді Назым.

Хат мәтінінде Нүкенова Назымға балаларының өте тәрбиелі екенін жазған.

Сондай-ақ Назыммен танысып, араласып тұрғысы келетінін айтқан. Өз кезегінде Назым Салтанатпен қуана танысатынын, балалары оны қатты жақсы көретіндерін айтқан. Бұл сөзінің де дәлелі ретінде Назым Қаһарман қызының Салтанатқа жазған хатын көрсеткен. Нүкенованың қазасынан бері жарты жылға жуық уақыт өтсе де  кішкентай қызы Whats'App арқылы Салтанатқа хат жазатынын жеткізген. 

Сонымен қатар ол адвокаттардың сұрағына жауап берген Бишімбаевтың балалары туралы айта бергеніне ашуланды.

"Қайта-қайта балаларды айта береді. Оның үстіне, мен Салтанатқа хат жазған депті. Бірақ, ол өтірік", - деді Назым Қаһарман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу